close
Мазмұнға өту

Келер шақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Келер шақ — қимыл, іс-әрекеттің дәл қазір емес, болашақта істелетінін білдіретін етістік шағы. Келер шақ мағынасы мен формасына қарай үшке бөлінеді:

  • 1. Ауыспалы келер шақ. Ӏс-қимылдың алдағы уақытта анық іске асатынын білдіреді. Ол негізінде етістіктің түбіріне -а/-е/ жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: Біз айтқанды орындаймыз. Ертең сабаққа барамын.
  • 2. Болжалды келер шақ. Ӏс-кимылдың келешекте іске асуына күмәндануды білдіреді. Етістіктің түбіріне есімшенің -ар/-ер/-р жұрнағы жалғану арқылы жасалады: Әуелі өзіміз барармыз. Ертең сабаққа барармын. Ойынға енді шықпаспын. [1]
  • 3 Мақсатты келер шақ. Ӏс-қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатыныньбілдіреді, етістіктің түбіріне есімшенің - мақ/-мек/-пақ/-пек/-бақ/-бек жұрнағының қосылуы арқылы жасалады: Олар ауылға қайтпақ. Ертең сабаққа бармақшымын. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
  2. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9